Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады, күн күркірейді деп күтілуде

Астана. 16 шілде. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады, күн күркірейді деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігі бұрынғыша антициклонның ықпалында болады – жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек ҚР батысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, батысында бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +16+18.
Алматыда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +31+33, түнде +16+18.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +37+39, түнде +20+22.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +29+34, түнде +15+20.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, күн ысиды. Күндіз +27+32 (оңтүстігінде +35), түнде +15+20 (оңтүстігінде +12).
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с болады, күн ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +27+32 (оңтүстігінде +36), түнде +12+17 (оңтүстігінде +22).
Алматы облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +16+21.
Түркістан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, күн ысиды, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +37+42 (батысында +34), түнде +18+23 (батысында +26).
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, 18 м/с жел тұрады. Күндіз +28+33, түнде +13+18.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +18+23.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, күн ысиды. Күндіз +31+36, түнде +18+23.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, күн ысиды. Күндіз +32+37, түнде +16+21.
Маңғыстау облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, қатты ыстық күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +37+42 (жағалауда +29+34), түнде +23+28.
Атырау облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, күн ысиды, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +34+39 (оңтүстігінде +42), түнде +25+30 (оңтүстігінде +32).
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, күн ысиды, 15-23 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +37+42, түнде +23+28.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, оңтүстігінде кей жерлерде қатты ыссы болады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +21+26.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, төтенше өрт қаупі сақталады, 15-20 м/с жел тұрады, күн ысиды. Күндіз +31+36 (оңтүстігінде +39), түнде +20+25 (оңтүстігінде +28).
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады, қалған су нысандарында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер




adimage