Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, солтүстігінде түнде жауын-шашынды, тек батысы мен оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде +2+4.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Екпіні 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +22+24, түнде +10+12.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +11+13.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде жауын-шашынды, кей жерлерде күн күркіреді, кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде -2 градус үсік жүреді. Күндіз +10+15, түнде +3+8.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде -3 градус үсік сақталады. Күндіз +11+16, түнде 0+5.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады. Күндіз +19+24, түнде +10+15.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +10+15
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, күндіз күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде -3 градус үсік сақталады. Күндіз +12+17, түнде 0+5.
Түркістан облысында тауда және тау маңдарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +24+29, түнде +10+15.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз күн күркіреуі мүмкін, түнде кей жерлерде -1-6 градус үсік күтіледі. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде 0+5.
Алматы облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде және ертеңгісін кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +3+8.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +21+26, түнде +7+12.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +21+26, түнде +10+15.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, ертеңігсін және күндіз күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде 0+5.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде -3 градус үсік сақталады. Ауа температурасы күндіз +12+17, түнде 0+5 (оңтүстігінде +8).
Ақтөбе облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілгіі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +5+10.
«Алдағы тәулікте ШҚО, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында таулы өзендерде нөсер жаңбыр салдарынан су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады, көбіне төмендейді», - деді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58