Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:35, 13-06-2019.

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз, жауын-шашынды, найзағайлы ауа райы сақталады, республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, батысында шаңды дауыл тұрады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +16+18.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады, екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде +11+13.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +11+13.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші ажңбыр ажуады, найзағай, тұман түседі, дауыл тұрады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +16+21, түнде +11+16.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +19+24, түнде +10+15.
Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
Ақмола облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, күндіз дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +14+19.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл тұрады, шаңды боран соғады, 15-20 м/с жел тұрады, қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +18+23.
Алматы облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15+22 м/с жел тұрады. Күндіз +22+27, түнде +10+15.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-22 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, 15-22 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +28+33, түнде +14+19.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, 15-22 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жауады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +13+18.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, күндіз бұршақ жауады, кей жерлерде қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +12+17.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады. Ауа температурасы күндіз +31+36, түнде +21+26.
Қызылорда облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +18+23.
Түркістан облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +15+20.
Жамбыл облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +14+19.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: