Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Күні: 09:22, 13-11-2014.

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның басым аумағында бейсенбі күні кей жерлерде жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі, тек оңтүстік, оңтүстік-батыс және батысында ғана – жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Астанада бейсенбі күні көшпелі бұлт күтіледі, түнде және таңертең азғантай қар жауып, тұман, көктайғақ пайда болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, ауа температурасы 0+2.
Алматы ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 0-5 м/с, ауа температурасы күндіз +2+4.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, ауа температурасы -2+3, Қостанай облысында кей жерлерде азғантай жауын-шашын тұрады, күндіз 0-5; өңірлерде кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтілуде. Павлодар облысы жауын-шашынсыз болады, кей жерлерде тұман күтіледі, синоптиктер 0+5 болжап отыр. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашын мен көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтілуде, ауа температурасы -2+3.
Қарағанды облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман және желдің 15-20 м/с күшеюі күтілуде, ауа температурасы күндіз 0-5. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашын мен тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз 0-5.
Алматы облысында кей жерлерде азғантай жауын-шашын тұрып, кей жерлерде тұман күтіледі, синоптиктер 0+5 болады деп жорамалдауда. Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман күтіледі, ауа температурасы сәйкесінше +1+6 және +8+13. Қызылорда облысында жауын-шашын күтілмейді, күндіз +5+10.
Атырау, Ақтөбе, таңертең Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, жауын-шашын болмайды, ауа температурасы сәйкесінше +5+10, 0+5, +7+12 және +2+7.
Алдағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының шегіндегі Сырдария өзенінде арналық реттеу есебінен су деңгейінің құбылуы байқалатын болады.
Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық жартысындағы жекелеген су нысандарында мұздың түзілу процесі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өзендерінде гидрологиялық режімде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.


Жаңалықтармен бөлісу: