Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік батысында ғана жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:23, 13-12-2018.

Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік батысында ғана жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның батысы мен оңтүстік батысында ғана жауын-шашын түседі, қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді», - дейді синоптиктер.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік шығыстан соққан жел оңтүстік батысқа ауысады, секундына 2-7 метр. Түнде -21-23, күндіз -10-12.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Түнде температура 0-2, күндіз +5+7.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метрге дейін жетеді. Күндізгі температура +10+12, түнде 0-2.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде +2+7.
Атырау облысында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -2+3.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с дейін жел тұрады, екпіні 28 метр/секундқа жетеді. Түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман. Күндіз +3+8, түнде 0-5.
Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданында 18 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -5-10 градус.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -7-12, түнде -21-26.
Солтүстік Қазақстан облысында алдағы тәулікте кей жерлерде аздаған қар жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі, күндіз -10-15, түнде -13-18.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -11-16, түнде -18-23.
Қарағанды облысында кейбір жерлерде тұман күтіледі, күндіз -5-10, түнде -12-17.
Шығыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде күндіз және ертеңгісін аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтілуде. Күндіз -6-11, түнде -10-15.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -9-14, түнде -14-19.
Түркістан облысында кейбір жерлерде тұман болжануда. Күндіз +7+12, түнде -2+3.
Қызылорда облысында күн ашық, жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз +1+6, түнде 0-5.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +5+10, түнде -3-2.
Батыс Қазақстан облысында алдағы тәулікте кей жерлерде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
«Алдағы күндерде республиканың шығысындағы және оңтүстік шығысындағы жекелеген өзендерде мұз құбылыстарының салдарынан су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп болжайды синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: