Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталдық бөліктер бұрынғысынша республиканың батысына, солтүстік-батысына өз ықпалын тигізіп отыратын болады, бұл аймақтарда кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігінде түнде шаңды дауыл соғады. Республика бойынша түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады, +21+23. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +21+23.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында түнде 17-22 м/с жел тұрады, +21+26.
Қызылорда облысында түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, +25+30.
Маңғыстау облысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, +17+22.
Ақтөбе облысында кей жерлерде – жаңбыр, күн күркірейді, күндіз кей жерлерде 18 м/с, +17+22.
Қостанай облысында кей жерлерде жаңбыр, 15-20 м/с жел, ертеңгісін және күндіз – күн күркірейді, +22+27.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгсін кей жерлерде тұман, ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +20+25.
Жамбыл, Түркістанда, түнде Атырауда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +23+28, +25+30, +14+19, +12+17. Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы және тау маңы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Атырау облысында жаңбыр жауады, БҚО-да түнде жауын-шашынды.
Түнде және ертеңгісін Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, сәйкесінше екі өңірде +18+23.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Ақмола және Қарағанды өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, +20+25, +19+24.
Түркістанда, Маңғыстаудың басым бөлігінде, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Алдағы тәулікте ел аумағының тау маңы өзендерінде су деңгейі аздап құбылады.
Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде
