Бейсенбі күні Қазақстанның батысында ғана ауа райы ашық болады

Күні: 09:27, 06-11-2014.

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашындатып, тұман түсіп, көктайғақтанады, республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз кейде жауын жауады, таңертең тұман түсіп, көктайғақтанады, оңтүстік-шығыстан 5-10м/с,  күндіз екпіні 14 м/с болады, ауа температурасы күндіз +5+7 болады.
Алматыда ала бұлтты, кешке қарай жауын-шашын, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +10+12 болып, одан ары суыта береді.
Қостанай облысының кей жерлерінде, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысының кей жерлерінде аздап жауын-шашындатады, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, 0+5, -1+4 және +2+7 болады. Павлодар, облысының кей жерлерінде аздап жауын-шашын, тұман түседі, +2+7. Қарағанды облысының кей жерлерінде жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз ауа температурасы +2+7.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз ауа температурасы +8+13.
Алматы облысында жауын-шашын, тұман түседі, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +10+15. Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, 0+5 және +1+6. Қызылорда облысында жауын-шашын, ауа температурасы +7+12.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жауын-шашын, кей жерлерінде көктайғақтанады, ауа температурасы +2+7. Атырау облысында кей жерлерінде жауын-шашын, ауа температурасы +1+6, Ақтөбе облысында жауын-шашын күтілмейді, -2+3; кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ. Батыс-Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы +2+7.
Жақын күндері оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығысының таудағы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады. Өзен суларын реттеуге байланысты Сырдария, Ертіс өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: