Бейсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Скандинавия аудандарынан соғатын циклонның ықпалымен ҚР-да жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), жел күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Тек елеміздің батысында Солтүстік-батыс антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жауын-шашынды, күндіз де жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +5+7, түнде 0-2.
Алматыда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +18+20.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +12+14, түнде +6+8.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +10+15, түнде +2+7.
Ақмола облысында қар аралас жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +4+9, түнде -2+3.
Ақтөбе облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде жылымық қар жауады, тұман, көктайғақ. Күндіз +1+6, түнде -1-6.
Атырау облысында жауын-шашын түспейді. Күндіз +8+13, түнде +2+7.
Жамбыл облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Күндіз +10+15, түнде +5+10.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +3+8, түнде -4+1.
Түркістан облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде +5+10.
Қызылорда облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +9+14, түнде +1+6.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
Қостанай облысында қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -4+1.
Қарағанды облысында қар аралас жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8 (оңтүстігінде +11+16), түнде +1+6 (оңтүстігінде -3-8).
Алматы облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +5+10.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18, түнде +6+11.
Павлодар облысында аздаған жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде +3+8.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер

adimage