Астана. 25 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның батысында ғана кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысында ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейеді, түнде және ертеңгісін тұман түседі», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстіктен 2-7 м/с жел тұрады, +8+10. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +17+19.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, күндіз Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады, +17+22.
Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз Атырауда, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +20+25, +7+12, +5+10.
Маңғыстауда, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +22+27, +15+20, +15+20.
Жамбыл, Түркістан және Қызылорда өңірлерінде күн ашық, жауын-шашынсыз, +20+25, +22+27, +20+25.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында күн ашық, жауын-шашынсыз, +10+15, +7+12, +7+12, +5+10.
Алдағы тәулікте Қызылорда облысының шетіндегі Сырдария өзенінде ағыстық реттеулер есебінен су деңгейі көтерілуі мүмкін, еліміздің шығысындағы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады.
Бейсенбі күні Қазақстанның батысында кей жерлерде жаңбыр жауады
