Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігі жоғары қысым алаңында болады, соған байланысы ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты батысында, оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында тұрақсыз ауа райы сақталады - жаңбыр жауады, Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстігінде –шаңды дауыл соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрып, солтүстік-батысқа ауысады. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз +26+28.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +28+30.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, күн ашық. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +18+20.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жауауы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +12+17.
Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлреде жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +15+20.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +12+17.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +15+20.
Ақтөбе облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 18 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +13+18.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілгі сақталады. Ауа температурасы күндіз +31+36, түнде +12+17
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +18+23.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +6+11.
Ақмола облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +10+15.
Атырау облысында кей жерлерде өткніші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз кей жерлерде дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +27+32, түнде +15+20.
Алматы облысында күндіз +27+32, түнде +10+15.
Павлодар облысында күндіз +25+30, түнде +7+12.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +20+25, түнде +3+8.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады, айтарлықтай өзгеріс күтілмейді. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейінің төмендеуі жалғасады», - деді синоптиктер.
Бейсенбі күні Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында тұрақсыз ауа райы сақталады
