Бейсенбі күні Қазақстанның батысында, оңтүстік батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде

Астана. 18 шілде. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның батысында, оңтүстік батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында  жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында ғана атмосфералық фронттар өтеді, соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүсіоігнде түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +15+17.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +34+36, түнде +21+23.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +40+42, түнде +23+25.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде күн өте қатты ысиды, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +12+17.
Павлодар облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +26+31, түнде +15+20.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде аздаған өткінші жаңбр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, қатты ыстық болады, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +12+17.
Атырау облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +34+39, түнде +21+26.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Күндіз +33+38, түнде +23+28.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +17+25.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +37+42, түнде +20+25.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +15+20.
Түркістан облысында қатты ыстық күтіледі, кей жерлреде өте қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +37+42, түнде +20+25.
Қостанай облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Ауа температурасы күндіз +28+33, түнде +12+17.
Алматы облысында кей жерлреде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +19+24.
Жамбыл облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +36+41, түнде +20+25.
Ақмола облысында кей ауа температурасы күндіз + 27+32, түнде +15+20.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.





adimage