Бейсенбі күні Қазақстанның батысында, солтүстігі мен солтүстік-батысында жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:23, 14-03-2019.

Астана. 14 наурыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның батысында, солтүстігі мен солтүстік-батысында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстік-батысында және солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашынды, батысында түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте төменнен сырма соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +2+4, түнде -5-7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+15, түнде 0+2.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +4+6.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, төменнен сырма соғады, көктайғақ, кей жерлерде – тұман, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +2+7, түнде 0-5
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, 15 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз –көктайғақ. Күндіз +1+6, түнде 0+5.
Қостанай облысында күндіз асым бөлігінде, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, көктайғақ, басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с болады. Күндіз +1+6, түнде -3+2.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, жел тұрады, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз +1+6, түнде -3-8.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде – жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +2+7.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде +1+6.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде, түнде басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, күндіз кей жерлерде жел тұрады. Күндіз және түнде 0-5.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +15+20, түнде +1+6.
Павлодар облысында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -5-10.
Қарағанды облысында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, 15-23 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде +2+7.
Алматы облысында да жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-23 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +11+16, түнде -2+3.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-23 м/с жел тұрады. Күндіз +4+9, түнде -3-8.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. . Күндіз +19+24, түнде +4+9.
«Алдағы тәулікте ауа температурасының көтерілуіне және оң ауа температурасының сақталуына байланысты республиканың батысында, орталығы мен солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі жалғасады, қар суы мен ағын сулар қалыптасады деп күтілуде», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: