Бейсенбі күні Қазақстанның батысында және оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:06, 01-11-2018.

Астана. 1 қараша. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның батысында және оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты  тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі,  тек республиканың батысында және оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде екпінді жел тұрады, тұман, көктайғақ, бұрқасын», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан   9-14 м/с жел тұрады, күндіз -1-3. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.  
Алматыда құбылмалы бұлтты, кешке қарай жаңбыр жауады,  2-7 м/с жел тұрады, +11+13.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады деп күтіледі, төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с, -3+2.
Ақмола облысында кей жерлерде көктайғақ, аздаған қар жауады, бұрқасын, күндіз 15-20 м/с жел тұрады,  -1-6.
Жамбыл, қызылорда, Түркістан облыстарында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады, Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде көктайғақ, сәйкесінше,  +8+13, +5+10, +12+17.
Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ сақталады, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады,   0-5.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде аздаған қар жауады,  кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ,   15-20 м/с жел тұрады, екі өңірде де сәйесінше,  0-5.
Алматы, Қарағандыда, түнде Павлодар облыстарында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тұман, Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ, +10+15, 0-5, 0-5.
Маңғыстау, Атырау өңірлерінде аздаған жауын-шашын күтіледі, +9+14, +4+9.
Батыс Қзақастан облысында жауын-шашынсыз, +2+7. Ақтөбе облысында түнде аздаған жауын-шашынды,   -1+4.
Алдағы тәулікте республиканың шығысындағы, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі өзендерде жауын-шашын салдарынан су деңгейінің көтерілуі мүмкін, республиканың қалған өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады.  


Жаңалықтармен бөлісу: