Бейсенбі күні Қазақстанның батысында және солтүстік шегінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:20, 31-01-2019.

Астана. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның батысында және солтүстік шегінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік циклонның өтуіне орай Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, жауын-шашын түседі, кей жерлерде қатты, тек батысы мен солтүстік шегінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады, төменнен бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады, ертеңгісін жне күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде және күндіз -10-12, ары қарай төмендей береді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жауын-шашынды. Кейде тұман, көктайғақ. 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз 0+2.
Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады, 2-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +5+7, түнде 0+2.
Жамбыл облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман сақталады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз +3+8, түнде 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұрқасын соғады. Күндіз -5-10, түнде -13-18.
Алматы облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, түнде 18-23 м/с жел тұрады, Аалакөл көлдерінің аудандарында 20-25 м/с, түнде екпіні 30 м/с жоғары болады. Күндіз -2+3, түнде -5-10 (солтүстігінде -22).
Түркістан облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде, таулыаудандарда қар аралас жаңбыр жауады, тұман сақталады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +3+8, түнде -3+2.
Ақмола облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұрқасын соғады. Күндіз және түнде -10-15, ары қарай төмендей береді.
Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұрқасын. Күндіз -10-15, түнде -13-18.
Қарағанды облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұрқасын соғады. Күндіз -7-12, түнде -10-15.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -12-17, түнде -15-20.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -16-21, түнде -18-23.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде қар аралас аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз 0-5 (оңтүстігінде +3), түнде -4-9.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -12-17, түнде -20-25.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -12-17, түнде -20-25.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -7-12, түнде -13-18.
«Алдағы тәулікте қатты жауын-шашынның күтілуіне орай республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді », - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: