Бейсенбі күні Қазақстанның бес облысында қатты ыстық күтіледі

Астана. 15 шілде. ҚазТАГ – Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында бейсенбіде қатты ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 16 шілдеде Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 17-18 шілдеде кей жерлерде +36 қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз 16 шілдеде солтүстік-шығыстан, шығыстан екпіні 15 м/с жел тұрады. 16 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен сақталады. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қ.: 16 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл сақталады. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, Күндіз 16 шілдеде Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с сақталады.
«16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қатты ыстық 35 градус күтіледі. Солтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Семей қ.: 16 шілдеде солтүстік-шығыстан cоғатын желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі. 16 шілдеде Қарағанды облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Қарағанды қ.: жел солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: жел солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 16 шілдеде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылдың ықтималдығы 80-100%.

adimage