Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде және таңертең 01 қазанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Дауылдың ықималдығы – 85-90%», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
1 қазанда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«01-02 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Петропавл қ: 01-02 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтиамлдығы – 90-95%», - делінген хабарда.
1 қазанда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 95-100%.
«01 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай қ: 01 қазан түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%», - деді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34