Бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде

Астана. 13 ақпан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

"Циклонның ықпалы және онымен байланысты фронталды бөліктер ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипатын қалыптастырады: ҚР солтүстігінде, шығысында қар күтіледі, оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі (қар, жаңбыр). Тек Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша жел күшейеді, тұман түседі, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу сырма соғады, оңтүстігінде, шығысында, орталығында – көктайғақ. Ақмола облысының шығысында күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кейде 30 м/с және одан да жоғары болады", - делінген хабарламада.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады, жаяу сырма соғады. Оңтүстік- батыстан 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -5-7.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады. Кейде тұман түседі, жолдарда көктайғақ. Шығыстан екпіні 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -7-9, күндіз +1+3.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +4+6.

Ақмола облысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -13-18, күндіз -3-8.
Ұлытау облысында солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады. Түнде –5-10 және күндіз ауа температурасы -1-6.

Қарағанды облысында батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауады. Түнде -10-15 және күндіз ауа температурасы -2-7.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -10-15 және күндіз 0-5.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -6-11, күндіз -4+1.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -3-8, күндіз -2+3.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -10-15, күндіз -2-7.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -4-9, күндіз -9-14.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз солтүстігі мен шығысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -10-15, күндіз -5-10.

Павлодар облысында күндіз қар жауады. Түнде ауа температурасы -8-13, күндіз -3-8.

Абай облысында оңтүстігі мен орталығында қар жауады. Түнде -10-15 және күндіз ауа температурасы 2-7.

Шығыс Қазақстан облысында ертеңгісін және күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауады. Түнде -16-21 және күндіз ауа температурасы -3-8.

Қызылорда облысында оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +1+6, түнде -2-7.

Түркістан облысында батысында және оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +2+7, түнде 0-5.

Жамбыл облысында түнде оңтүстігінде тауларында қар жауады. Күндіз 0+5, түнде -3-8.

Алматы облысында оңтүстігінде түнде қар жауады. Күндіз 0+5, түнде -5-10.

Жетісу облысында түнде оңтүстігі мен шығысындағы тауларында қар жауады, күндіз оңтүстігіндегі тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -3+2, түнде -9-14.

"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерінде судың ауытқуы байқалады", - деп ескертті синоптиктер.

adimage