Бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жауын-шашын күтіледі

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығыс облыстарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашынды, батысында түнде қатты жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада аздаған бұлтты. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -18-20, түнде -28-30.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады. Түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы -1-3, түнде -11-13.
Шымкентте аздаған бұлтты, 3- 8 метр/секунд жел тұрады. Күндіз +10+12, түнде 0-2.
Жамбыл облысында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -2-7.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, ертңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -7-12.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, түнде жаңбыр және аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, түнде 15-22 м/с жел тұрады. Күндіз -4+1, түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, түнде жаңбыр және қардың жаууы күшеюі мүмкін, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, түнде 15-22 м/с жел күшейеді, кей жерлерде бұрқасын. Күндіз-5-10, түнде -5-10.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -2+3.
Ақтөбе облысында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұрқасын соғады. Күндіз -2-7, түнде -8-13.
Алматы облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, түнде қатты аяз күтіледі. Күндіз -1-6, түнде -8-13, өңірдің солтүстігінде -29 дейін түсуі мүмкін.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде -3+2.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, кей жерлерде 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Күндіз -12-17, түнде -22-27.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, түнде қатты аяз болады. Күндіз -23-28, түнде -35-40.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -20-25, түнде -27-32.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде қатты аяз күтіледі. Күндіз -13-18, түнде -24-29.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -17-22, түнде -28-33.
Павлодар облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз -23-28, түнде -31-36.
«Алдағы тәулікте республиканың шығысындағы, оңтүстік шығысындағы өзендерде, сондай-ақ Қызылорда облысының шетіндегі Сырдария өзенінде ауа райының жылынуына байланысты мұз қату әлсірейді деп күтілуде, су деңгейінің көтерілуі және құбылуы мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.


adimage