Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде көктайғақ және тұман күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«05 желтоқсанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі», - делінген хабарда.
Астана қ.: 05 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
05 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.
05 желтоқсанда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.
05 желтоқсан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 05 желтоқсан тұман, көктайғақ күтіледі.
05 желтоқсанда түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.
05 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 05 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.
05 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 05 желтоқсанда кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі.
05 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі.
05 желтоқсанда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман.
05 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.
05 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 06 желтоқсанда облыс бойынша қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 05 желтоқсанда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні15-20 м/с күтіледі. 06 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
05 желтоқсанда Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
05 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қ.: 05 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
05-06 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 05-06 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 05-06 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қатысты сілтемелер
-
Қызылордада бір көпірді реконструкциялауға Т864 млн-нан астам қаражат жұмсамақ
17 Қаңтар 2025, 16:41 -
Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президентін қабылдады
17 Қаңтар 2025, 14:57