Бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және тұман күтіледі

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және тұман күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«20 наурызда таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с», - делінген хабарда.

20 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 20 наурызда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Қостанай облысында 20-22 наурыз аралығында ауа температурасының күндіз 2-12 жылыға дейін, түнде 1-10 аязға дейін және жаңбыр түріндегі жауын-шашынның болжамына байланысты, қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының қалыптасуы, облыстың өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Обаған өз. – Ақсуат а. (Қостанай обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейі 19.03.2025 сағат 12:00-де – 445 см. Қауіпті деңгей – 500 см. Қар жамылғысының еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуінен және Алабата көлін Құндызды өзенімен (Обаған өзенінің саласы) байланыстыратын жасанды каналдан судың келуіне байланысты су деңгейі көтерілуде. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, қауіпті деңгейден асып, өзеннің жайылма учаскелерінен шығуы мүмкін. Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

20 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

20 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

20 наурызда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

20 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының шыңысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

20 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 20 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр күтіледі. Тұман.

20 наурызда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

20 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

20 наурызда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

20 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 20 наурызда тұман күтіледі.

adimage