Бейсенбі күні Қазақстанның екі облысында 30 градус ыстық болады, бірқатар өңірде жаңбыр күтіледі

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ- Бейсенбі күні Қазақстанның екі облысында 30 градус ыстық болады, бірқатар өңірінде жаңбыр күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет"РМК.

"Атмосфералық фронталды бөліктержің өтуімен ҚР оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, батысында, оңтүстігінде, шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. ҚР батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында – жел күшейеді, солтүстігінде – көктайғақ», - делінген хабарда.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы +2+4, күндіз шамамен +9+11.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +22+24.

Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +26+28.

Ақмола облысында түнде және ертеңгісін батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 0+5, күндіз +7+12.

Ұлытау облысында солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -3+2, күндіз +7+12.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -3+2, күндіз +7+12.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -2-7, күндіз +7+12.

Атырау облысында түнде шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +3+8, күндіз +8+13.

Маңғыстау облысында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +5+10, күндіз +13+18.

Ақтөбе облысында күндіз оңтүстігінде, орталығында және шығысында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 0+5, күндіз +5+10.

Қостанай облысында түнде батысында және солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -1+4, күндіз +3+8.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -1+4, күндіз +3+8.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы 0+5, күндіз +7+12.

Абай облысында да жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -2+3, күндіз +10+15.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы 0-5, күндіз +9+14.

Қызылорда облысында күндіз солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +7+12, күндіз +25+30.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +7+12, күндіз +25+30.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +5+10, күндіз +23+28.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4+9, күндіз +21+26.

Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1+4, күндіз +20+25.

"Алдағы тәулікте температуралық фонның жоғарылауына байланысты оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы өзендерде судың ауытқуы байқалады. Шығыс және жазықтықтағы өзендерде жауын-шашын болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген ағынның пайда болуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі", - деп ескертті синоптиктер.

adimage