Астана. 4 шілде. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұрақсыз ауа райы сақталады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде +13+15.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде өткінші жаңбыр жауады, найзағай. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +17+19.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +18+20.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +21+26, түнде +12+17.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел күшейеді, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +11+16.
Қарағанды облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды, кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +19+24, түнде +13+18.
Алматы облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр ажуады, найзағай, 17-22 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +16+21.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +19+24.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +10+15.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +27+32, түнде +10+15.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28, түнде +13+18.
Ақтөбе облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +13+18.
Түркістан облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +16+21.
Жамбыл облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +16+21.
Маңғыстау облысында күндіз +27+32, түнде +17+22.
Атырау облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай. Күндіз +29+34, түнде +19+24.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі және шығысындағы таулы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, су деңгейінің құбылуы байқалады. Оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты, су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.
Бейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
