Бейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында күн ашық болады

Күні: 09:30, 30-10-2014.

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның солтүстігі мен шығысында бейсенбі күні бұрқасындатып, қар жауады, көктайғақ болады, қалған аумағында жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз кейде қар жауады, бұрқасындатады, жаяу борасындатып, оңтүстік-батыстан 9-14м/с,  екпіні 15-20 м/с жел соғады, ауа температурасы күндіз 0+2 болады.
Алматыда ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді, түнде тұман түседі, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +2+4.
Қостанай облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде бұрқасын, тұман түседі, кей жерлерінде 17-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы 0+5. Солтүстік Қазақстан кей жерлерінде аздап қар жауады, көктайғақтанады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, 0+5. Ақмола облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, жаяу борасындатады, көктайғақ, кей жерлерінде желдің екпіні 30 м/с болады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, 0+5. Павлодар облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, жаяу борасындатады, күндіз кей жерлерінде 17-22 м/с жел тұрады, күндіз ауа температурасы 0-5.
Қарағанды облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде бұрқасын, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -3+2. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы 0+5.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын күтілмейді, кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы сәйкесінше, +1+6, +1+6 және +7+12. Қызылорда облысында жауын күтілмейді, +4+9.
Маңғыстау облысында жауын күтілмейді, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +5+10.
Атырау және Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облысында жауын күтілмейді, ауа температурасы сәйкесінше, +6+11, +6+11 және 0+5.  
Жақын күндері Батыс Алтай өзендерінде су деңгейі түсе бастайды. Өзен суларын реттеуге байланысты Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысының аумағында Сырдария өзенінде, Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы Ертіс өзенінде су деңгейі құбылып тұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: