Бейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, қалған аумағында жауын-шашынсыз

Күні: 09:23, 11-04-2019.

Астана. 11 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, қалған аумағында жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Қалған аумағында ауа рйаы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, жел тұрады. күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде 0+2.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +8+10.
Шымкентте түнде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +19+21, түнде +10+12.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +15+20, түнде +9+14.
Қызылорда облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +16+21, түнде +7+11.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +10+15, түнде 0-5.
Қарағанды облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде -1+4.
Алматы облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +16+21, түнде +6+11.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +15+20, түнде +8+13.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +20+25, түнде +5+10.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +16+21, түнде +3+8.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +10+15, түнде 0-5.
Павлодар облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +12+17, түнде 0-5.
Ақтөбе облысында ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +2+7.
Қостанай облысында күндіз +12+17, түнде -3+2.
Ақмола облысында ауа температурасы күндіз +13+18, түнде -2+3.
«Алдағы тәулікте Солтүстік Қазақстан және БҚО көктемгі сел толқыны, мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі, су тасулар мен су басулар жалғасады. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде ауа температурасының жылынуына байланысты мұз қату құбылыстарының әлсіреуі, жергілікті және беткейлік ағындардың қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: