Бейсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады. Тек республиканың оңтүстік-шығысында антиклон әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді», - делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кейде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде 0-2.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +12+14, түнде +1+3.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кешке қарай кейде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғып, батысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде +5+7.
Ақмола облысында күндңз жауын-шашынды, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашын болады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз 0-5, түнде -7-12.
Ақтөбе облысында күндңз кей жерлерде, түнде бүкіл өңірде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Қостанай облысында қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -3-8, түнде -5-10.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Қарағанды облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -3+2.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін тұман түседі. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +10+15, түнде -1+4.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз +12+17, түнде +2+7.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде +4+9.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -2+3.
Қызылорда облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде көктайғақ болады. Күндіз +2+7, түнде -2+3.
Атырау облысында түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -2-7
«Алдағы күндері республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарындағы су нысандарында мұз қату процесі ары қарай күшейеді, оңтүстік-шығыстағы және Сырдарияның төменгі өзендерінде күн жылынуына орай мұз қату процесі әлсірейді», - дейді синоптиктер

adimage