Бейсенбі күні Қазақстанның орталығында, солтүстігі мен шығысында қар күтіледі

Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның орталығында, солтүстігі мен шығысында қар күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Кетіп бара жатқан атлантикалық циклон тұрақсыз ауа райы сипатын сақтайды - республиканың солтүстігінде, орталығы мен шығысында кей жерлерде қар жауады. Қазақстанның қалға аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, солтүстігінде жел күшейеді, орталығы мен шығысында бұрқасын болады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде жаяу сырма соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз 3-5.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман, көктайғақ. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +4+6, түнде -6-8 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз +9+11.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, түнде бүкіл өңір бойынша қар күтіледі, кей жерлерде бұрқасын тұрады, түнде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Қостанай облысында кей жерлерде қар күтіледі, бұрқасын, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Ақмола облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде қар күтіледі, кей жерлерде жаяу сырма соғады, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде, түнде бүкіл өңірде қар күтіледі, кей жерлерде бұрқасын күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз және түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде, түнде бүкіл өңір бойынша қар күтіледі, кей жерлерде бұрқасын, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -5-10.
Қарағанды облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, түнде 18 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, тұман күтіледі, көктайғақ болады. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз +3+8, түнде -4-9.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде 0+5.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +3+8, түнде 0-5.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде -5-10.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде -4-9.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -3-8.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 0-5, түнде -7-12.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, шығысы мен оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Қазақстанның жазықтық аумағындағы су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

adimage