Бейсенбі күні Қазақстанның сегіз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астана. 7 шілде. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның сегіз өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидомет» РМК баспасөз қызметінен.
«07 шілдеде Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі, найзагай кезінде екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 07 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Конаев қ.: 07 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі, найзагай кезінде екпіні 15 м/с», - делінген сәрсенбідегі дауылды ескертуде.
07 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 07 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
«Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: түнде және таңертең 07 шілдеде тұман күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
7 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.
07 шілдеде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20, күндіз таулы аудандарда екпіні 23 м/с. Түркістан қ.: кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
07 шілдеде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ: 07 шілдеде түнде және таңертең тұман күтіледі.

adimage