Бейсенбі күні Қазақстанның үш батыс облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 17:27, 06-02-2019.

Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның үш батыс облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«7 ақпанда Ақтөбе облысының бірқатар өңірлерінде күндіз жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктердің болжамынша дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«7 ақпан күні күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/сек жылдамдықпен жел соғады ды деген болжам бар. Оралда күндіз 7 ақпанда бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады», - деді «Қазгидрометте».
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«7 ақпан күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/сек жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда 7 ақпанда оңтүстік-шығыстан 18 м/с жел тұрады. дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: