Бейсенбі күні Қазақстанның үш облысында бұршақ жауады, жел күшейеді деп күтілуде

Күні: 16:15, 05-06-2019.

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның үш облысында бұршақ жауады, жел күшейеді деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«06 маусым Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың онтүстік-батыста 30 м/с, және ода аса күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Тараз қ.: 06 маусым оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с күтіледі. Кей уақытта найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», -делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
6 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: 6 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«06 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Өскемен қ.: 06 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қ.: 06 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: