Бейсенбі күні Қазақстанның үш облысында күн күркірейді және күшті жел тұрады

Астана. 1 шілде. ҚазТАГ – Қызылорда, Қостанай және Түркістан облыстарында бейсенбі күні күн күркірейді және күшті жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«2 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 2 шілдеде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
02 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
«2 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ: 2 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 2 шілдеде күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген хабарда.
Дауылдың ықтималдығы 90-100%.

adimage