Бейсенбі күні Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қазақстанның тек шығысы мемн оңтүстік-шығысында антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, бұрқасын соғады», - делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашынды (көбіне қар жауады). Кейде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 3-8, күндңз 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0 шамасында, түнде -7-9.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +8+10, түнде 0-2.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +6+8, түнде +1+3.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз бүкіл өңір бойынша, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде бұрқасын күтіледі, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Қостанай облысында күндіз бүкіл өңір бойынша, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -10-15.
Ақмола облысында күндіз аздаған қар жауады, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -5-10.
Жамбыл облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -2+3.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Алматы облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күіледі, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -3+2.
Түркістан облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, басым бөлігінде тұман күтіледі. Күндіз +5+10, түнде 0+5.
Қызылорда облысында күндіз барлық өңір бойынша, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде - тұман, көктайғақ. Күндіз +4+9, түнде -1-6.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, көктайғақ, тұман. Күндіз +1+6, түнде -4+1.
Атырау облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, көктайғақ, тұман. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Ақтөбе облысында кей жерлерде қар жауады, көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ Күндіз 0-5, түнде -8-13.
Қарағанды облысында кей жерлерде азадаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде -8-13 (оңтүстігі мен батысында 0-5).
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -15-20.
«Алдағы күндері республиканың таулы өзендерінде су көлемінің құбылуы байқалады», - дейді синоптиктер

adimage