Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жауын-шашын болады

Күні: 09:17, 16-10-2014.

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жауын-шашынды болады, оңтүстігінде – ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
Астанада бейсенбі күні көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы күндіз +12+14.
Алматыда ала бұлтты, жауын күтілмейді, батыстан 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы күндіз +22°С болады.
Қостанай облысында кей жерлерінде жауын жауады, кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерінде 18 м/с жел тұрады, +6+11. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын жауады, тұман түседі, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз +3+8. Ақмола облысының кей жерлерінде жауын жауады, таңертең кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, +15. Павлодар облысында жауын жаумайды, күндіз +7+12.
Қарағанды облысында аздап жауын жауады, +10+15, Шығыс Қазақстан облысында жауын жауады, +5+10; осы өңірлерде кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады,
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан Қызылорда облысында жауын жаумайды, ауа температурасы сәйкесінше, +22, +23, +26 және +25.
Маңғыстау облысында жауын жаумайды, таңертең кей жерлерінде тұман түседі, +21+26.
Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облысында жауын жаумайды, ауа температурасы сәйкесінше, +18+23, +15+20 және +17+22.
ОҚО облысының аумағындағы Сырдария өзенінде Шардара су қоймасынан ағызатын су көлемінің азаюына байланысты су деңгейі азаяды. Батыс Алтайдағы ШҚО өзендерінің көпшілігінде су деңгейі құбылып тұрады. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысындағы өзендердегі гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.


Жаңалықтармен бөлісу: