Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында ғана жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Күні: 09:21, 11-10-2018.

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның солтстігі мен солтүстік-батысында ғана жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында  ғана  атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз, жауын-шашынды ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с, +15+17. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +15+17.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында   жаңбыр күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с, +11+16, +8+13.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, кндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с болады, +13+18.  
Павлодарда, түнде және ертеңгісін Батыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, екі өңірде де +13+18.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады, жауын-шашынсыз, +15+20.
Түркістанда , түнде және ертеңгісін Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман ктіледі, сәйкесінше +16+21, +14+19, +16+21, +13+18.
Жамбылда, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз, +15+20, +20+25, +17+22.
Ақтөбе өңірінде жауын жауады, +7+12.    
Маңғыстауда, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Алдағы тәулікте синоптикалық болжам негізінде, Республика өзендерінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.  Сырдария өзенінде су деңейінің көтерілуі күтіледі.  


Жаңалықтармен бөлісу: