Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұрақсыз ауа райы сақталады

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және оратлығында атмосфералық фронттардвң өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұрақсыз ауа райы сақталады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде кей жерлерде дауыл тұрады, қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +19+21, түнде +14+16.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +32+34, түнде +20+22.
Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +37+39, түнде +19+21.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, түнде кей жерлерде қатты найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +9+14.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаібыр жауады, найзағай ойнайды, тұман түседі, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +7+12.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +25+30, түнде +13+18.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі, 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +8+13.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды,15-20 м/с жел тұрады, дауыл соғады, күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады. Күндіз +23+28, түнде +15+20.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде 15-23 м/с жел тұрады, дауыл соғады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +22+27.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +20+25.
Атырау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +15+20.
Түркістан облысында күндіз күн қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +37+42, түнде +18+23.
Алматы облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +17+22.
Маңғыстау облысында күндіз қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +33+38, түнде +21+26.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +10+15.
Ақтөбе облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр ажуып, күн күркірейді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +13+18.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +28+33, түнде +7+12.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.




adimage