Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде ғана аздаған жаңбыр жауады деп күтілуде

Күні: 09:00, 06-09-2018.

Астана. 6 қыркүйек. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде ғана аздаған жаңбыр жауады  деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ауқымды антициклон республиканың басым облыстарына өзінің ықпалын тигізеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек  Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде төмен қысымның ықпалына байланысты аздаған  жаңбыр жауады  деп күтілуде. Кей жерлерде жел тұрады, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады, +17+19. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +26+28.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жауын-шашынсыз, күн ашық болады, 17-22 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с, +25+30.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23 м/с, түнде және ертеңгісін тұман, +17+22.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар  облыстарында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, сәйкесінше, +15+20, +13+18, +13+18, +13+18. Бұл ретте Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында  аздаған өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. .
Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл  облыстарында  - күн ашық, жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Жамбыл облысында шаңды дауыл соғады,   +25+30, +25+30, +25+30.   Жамбыл  облысында кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады.  
Қарағанды облысында күн ашық, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, 18 м/с жел тұрады,    +16+21.
Қызылорда облысында күн ашық, жауын-шашынсыз, +20+25.
Атырау,Батыс Қазақстан және Ақтөбе өңірлерінде күн ашық, жауын-шашынсыз, сәйкесінше, +23+28,+22+27, +20+25.
Қызылорда, Түркістанда, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі.  


Жаңалықтармен бөлісу: