Бейсенбі күні Қазақстанның төрт облысында жаңбыр жауады, найзағай, шаңды дауыл тұрады, тұман күтіледі

Астана. 24 шілде. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның төрт облысында жаңбыр жауады, найзағай, шаңды дауыл тұрады, тұман күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«25 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл. Күндіз кей жерлерде бұршақ. Солтүстік-батыстан, солтүстік соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Өскемен қ.: 25 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Семей қ.: 25 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен қатар, 25 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде, күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 25 шілдеде түнде және таңертен тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«25 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. 25 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage