Астана. 21 маусым. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның жекелеген аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді, бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел тұрып, екпіні 15 м/с жетеді, +28+30.
Алматыда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, күн күркірейді, 2-7 м/с жел тұрады, +27+29
Ақмола және Қостанай облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, +25+30 және +21+26. Солтүстік Қазақстан облысында ертеңгісін кей жерлерде тұман, кндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, +20+25. Павлодар облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15 -20 м/с жел тұрады, +23+28.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, +24+29. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, +25+30.
Алматы облысында күндіз жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +25+30. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, сәйкесінше, +30+35, +33+38 және +33+38..
Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында күндіз жауын-шашын күтілмейді, +29+34 және +25+30. Батыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында 15-20 м/с жел тұрады. Атырау және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұруы мүмкін, +31+36 және +25+30.
Атырауда, Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Маңғыстаудың көп бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады. Көкбұлақ ГП ауданындағы Сырдария өзенінде су деңгейінің ары қарай көтерілуі күтіледі. Жазықтық аумақтағы өзендерде гилдрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08