Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыша антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, шығысы мен оңтүстік-батысында ғана нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, дауыл соғады, батысы мен орталығында бұршақ жаууы күтіледі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 14 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +17+19.
Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +19+21.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +37+39, түнде +21+23.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, қатты ыстық сақталады. Күндіз +30+35, түнде +14+19.
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +17+22.
Атырау облысында жаңбыр жауады, найзағай, күн ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +15+20.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, күн ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +20+25.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +29+34, түнде +13+18.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, күн ысиды, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +35+40, түнде +21+26.
Қызылорда облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +18+23.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық сақталады, кей жерлерде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +27+32, түнде +17+22.
Қостанай облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 23 м/с дейін жетеді, күн ысиды. Күндіз +30+35, түнде +16+21.
Қарағанды облысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін, күн ысиды, кей жерелрде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +13+18.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, күн ысиды, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +16+21.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30, түнде +15+20.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +29+34, түнде +13+18.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 700 адам қаза табады17 Сәуiр 2024, 15:18
-
Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус төрт жылға сотталды17 Сәуiр 2024, 14:57