Астана. 8 қараша. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның оңтүстік- батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігі бұрынғысынша белсенді фронталдық қызмет аймағында болады, соған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, тек оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел күтіледі, тұман, көктайғақ, төменнен сырма соғады», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада бұлтты, түнде аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашынды, кейде көктайғақ, төменнен сырма соғады, Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы түнде -1-3, күндіз 0+2 шамасында. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда бұлтты, жауын-шашынды, 2-7 м/с жел тұрады, ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +6+8.
Ақмола, Қостанай облыстарында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, түнде кей жерлерде жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, Ақмола облысында күндіз екпіні 23-28 м/с, -1+4, 0+5.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады деп күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с, 0+5.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, -3+2, 0+5
Павлодар облысында жауын-шашынды, көктайғақ, басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 25 м/с, -2+3.
Алматы, Жамбыл облыстарында қар жауады деп күтілуде, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с, +5+10, +8+13.
Қызылордада, түнде Түркістанда, күндіз Ақтөбе облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Түркістан облысында кей жерлерде тұман, сәйкесінше, +5+10, +5+10, 0+5. Бұл ретте Түркістан және Ақтөбе өңірлерінде жауын-шашын күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, +7+12, +5+10, +2+7. Бұл ретте Атырау және Батыс Қазақстан өңірлерінде аздаған жаңбыр жауады.
Алдағы тәулікте жауын-шашынның күтілуіне байланысты, кей жерлерде қатты, республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік- шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі, солтүстіктегі, орталық пен шығыстағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысы байқалады.
Бейсенбі күні Қазақстанның оңтүстік- батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
