Астана. 16 қаңтар. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Батыс Қазақстан облысында бұрқасын және көктайғақ болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«17 қаңтарда Батыс Қазқастан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде кей жерлерде төменнен сырма соғады, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Оралда 17 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде оңтүстік-шығыстан жел тұрады, екпіні 18 м/с жетеді», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 95-98% деп бағалауда.
Бейсенбі күні БҚО-да бұрқасын және көктайғақ болады
