Бейсенбі күні Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауады және жел тұрады

Күні: 14:34, 31-07-2019.

Астана. 31 шілде. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауады және жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«1 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. Орал қ.: 1 тамызда найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: