Алматы. 1 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,003% -ға 2273,64 -тен 2273,71-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 49,1% түсіп, Т196 млн. немесе $510 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+1,1%) және «Қазақтелеком» АҚ (+2%)акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-0,04%), «Кселл» АҚ (-1,3%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,7%) акцияларының бағасы түсті.
«Банк ЦентрКредит» АҚ мен «KEGOC» АҚ акцияларының құны өзгерген жоқ.
Бейсенбі күні KASE индексі 0,003%-ға 2273,71–ке өсті
