Бейсенбі күні KASE индексі 0,02%-ға түсіп, 2322,05-ке жетті

Алматы. 6 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,02% -ға 2322,44-тен 2322,05-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 48,1% өсіп, Т82,5 млн. немесе $218 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,01%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,8%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+2,2%) акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-1,2%), «Кселл» АҚ (-0,9%), «KEGOC» АҚ (-0,5%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,3%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,5%) акцияларының бағасы түсті.

adimage