Бейсенбі күні KASE индексі 0,05%-ға 2283,65 –ке өсті

Күні: 19:03, 04-07-2019.

Алматы. 4 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,05% -ға 2282,51 -ден 2283,65-к дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 20 есе өсіп, Т4381,3 млн. немесе $11 487,9 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «KEGOC» АҚ (+0,3%) және «Қазақтелеком» АҚ (+1,2%) акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-0,8%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,3%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,1%) акцияларының бағасы түсті.
«Банк ЦентрКредит» АҚ және «Кселл» АҚ акцияларының құны өзгерген жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: