Бейсенбі күні KASE индексі 0,05%-ға өсіп, 2327,47-ге жетті

Алматы. 28 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,05% -ға 2327,42-ден 2327,47-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 15 есе түсіп, Т44,8 млн. немесе $116 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+2,6%), «Кселл» АҚ (+0,9%) және «Қазақтелеком» АҚ (+1,3%) акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-1,7%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,7%), «KEGOC» АҚ (-0,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,3%)бағасы түсті.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ акциясының бағасы өзгерген жоқ.

adimage