Бейсенбі күні KASE индексі 0,1% -ға 2276,2-ге өсті

Күні: 18:18, 24-01-2019.

Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,11% -ға 2 273,57 -ден 2 276,18-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,8 есе өсіп, Т195,9 млн. немесе 518 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Кселл» АҚ (+1,4%), «KEGOC» АҚ (+0,2%), «Қазақтелеком» АҚ (+2,5%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҰ (-1,8%), KAZ Minerals PLC (-0,3%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,6%) акциялары төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: