Бейсенбі күні KASE индексі 0,16%-ға түсіп, 2300,44-ке жетті

Алматы. 12 желтоқсан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,16% -ға 2304,04-тен 2300,44 дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,1 есе өсіп, Т40,5 млн. немесе $104,9 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,2%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,8%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,5%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,1%), «KEGOC» АҚ (-0,5%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (-0,9%) бағасы түсті.
«Банк ЦентрКредит» АҚ және «Кселл» АҚ акцияларының құны өзгерген жоқ.

adimage