Бейсенбі күні KASE индексі 0,2%-ға 2396,5-ке өсті

Алматы. 28 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,16% -ға 2392,61 -ден 2396,48-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,7 есе түсіп, Т90,7 млн. немесе $239,1 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,5%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,8%), «Кселл» АҚ (+0,1%), «KEGOC» АҚ (+0,5%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,3%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,5%) акциялары өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-1,3%) акциясының бағасы төмендеді.

adimage