Алматы. 13 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,22% -ға 2215,12-ден 2220,08-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,3 есе өсіп, Т54 млн. немесе $140,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1%), KAZ Minerals PLC (+2,1%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,004%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,04%), «Кселл» АҚ (-1%) және «KEGOC» АҚ (-0,2%) акцияларының бағасы түскен.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Қытайға келді28 Наурыз 2024, 09:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі28 Наурыз 2024, 09:03
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34