Бейсенбі күні KASE индексі 0,27%-ға 2257,4-ке түсті

Алматы. 30 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,27% -ға 2263,56 -дан 2257,4-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 13,5% өсіп, Т68,1 млн. немесе $178,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «KEGOC» АҚ (+0,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+1,7%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,5%), KAZ Minerals PLC (-0,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,1%) және «Қазақтелеком» АҚ (-1,1%) акцияларының бағасы түскен.
«Кселл» АҚ акциясының құны өзгерген жоқ.

adimage